Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы өтті
Жамбыл облысы Қаратау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының күзгі науқаны белсенді жүріп жатыр. Шағын шаһарда бір уақытта бірнеше аумақ тазартылды.
Шарапатты шараға қаладағы білім беру мекемелері, аудан әкімдігі мен кәсіпорындардың 500-ге жуық қызметкері қатысты. Табиғат жанашырлары Тамды өзенінің жағасын тазартып, пластикалық қалдықтарды жинады. Екінші топ «Орталық саябақ» ішіне ойысып, қураған бұталарды шығарып, ағаштарды әктеді. Сонымен қатар «Жасыл белдеу» аймағы да тазартылды. Нәтижесінде 18 тоннаға жуық күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Айгүл Тұтқышбаева, Қаратау қаласының тұрғыны:
Тазалық акциясы бойынша бүгін біз қаламызды тазалап жатырмыз. Тазалық – әр адамның өзінен басталады. Сол себепті әрқайсымыз өз қаламызды, жерімізді, елімізді таза ұстайық. Бәріңізді қоршаған ортаны ластамауға шақырамын.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17