Астана-Белград бағытына әуе рейсі ашылды
Сербия мен Қазақстанға енді тікелей әуе рейсі қатынайды. Отандық әуекомпанияның Астана-Белград бағытындағы жаңа рейсін еліміздің Сербиядағы елшілігі көпшілікке таныстырды. Әуе рейсі Астана мен Белградқа аптасына екі рет ұшады. Сербиялық туроператорлар мен тұрғындар жаңа рейске үлкен қызығушылық танытып отыр. Қос елдің азаматтары қазір бір-біріне 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады. Шарада шетелдіктерге Қазақстанның туристік әлеуеті паш етілді. Сондай-ақ, тұсауксерге қатысқан үш Белград тұрғынына тегін әуе билеті табысталды.
Веляко Маркович, туристік агенттіктің басшысы:
Жаңа әуе рейсі ашылғанына қуаныштымын. Бұл екі елдің іскер азаматтары, бизнес өкілдері, жалпы туризм үшін өте маңызды. Осы рейстің арқасында сербиялық туристер Қазақстанның, Түрікменстан мен Өзбекстанның әдемі жерлерін тамашалауға мүмкіндік алады деген сенімдемін.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17