Алматыда дәмханадан өрт шықты
Алматыда дәмханадан өрт шықты. Оқиға Алмалы ауданы Брусиловский көшесінде болған. Төтенше жағдайлар департаментіне жалынның тұтанғаны туралы хабарлама сағат 10:30 шамасында түскен. Дәмхана иесінің айтуынша, ғимараттың ішінде адамдар болмаған. Өртті сөндіруге 10 техника мен 32 маман жұмылдырылды. Мамандар отты жарты сағатта толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Әділ Саурбаев, қалалық №6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
Өртті сөндіруге 38 минут кетті. Оттың көрші ғимараттарға таралу қаупі болды, бірақ өрт сөндірушілер жылдам жұмыс істеп, апаттың алдын алды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Алда қыс мезгілі келе жатыр. Бұл уақытта өрт қаупі жиілеуі мүмкін. Сол үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынамыз.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17