Семейде 5 мыңнан астам адам тазалық акциясына қатысты
Семейде 5 мыңнан астам адам бір мезетте тазалық акциясына қатысты. Тұрғындар, еріктілер мен мемлекеттік мекеме мамандары мен кәсіпкерлер жұмылды. Облыс орталығындағы адам көп жиналатын орындар, шаһардың шеткі аудандары ретке келтірілді. Сондай-ақ Семейге кіре беріс жолдардағы көлік көп тоқтайтын аумақтар да тазаланды. Апта сайын үзбей өткізілетін мұндай шаралардың нәтижесінде қаланың шырайы кірді дейді көпшілік. Бұл жолғы эко акцияда 900 текше метрден астам қоқыс шығарылған.
Әліби Әбдірайымов, ұйымдастырушы:
Қаламыздың көркін көрсететін алаңға келіп, тазалық жұмыстарын жасап жатырмыз. Бұл жердегі мақсатымыз - қаламыздың, облысымыздың таза болуы. Әрбір тұрғынды осы акцияға қатысуға шақырамын.
Ульяна Абашева, қала тұрғыны:
Бұл жерде әр адамның қосқан үлесі табиғатқа үлкен пайда алып келеді. Әрқашан қаламызды таза ұстап, табиғатқа үлесімізді қоса берейік. Бұл акцияға әрқашан белсенді қатысуға тырысамыз. Себебі бұл - біздің Қазақстанымыз, бұл - біздің еліміз, біз оның табиғатын таза ұстау керекпіз.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04