Астанада дрондар додасы басталды
Бүгін Астанада күштік құрылымдар зеңгір көкте күш сынасты. Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен FPV-дрон операторлары арасында турнир басталды. Осы арқылы қорғаныс қызметінің әуедегі әлеуеті сараланып, жаңа технологияларды жетілдіру жағы айқындалмақ.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Пилотсыз ұшу аппараттары жаһан жұртының өміріне өзгеріс әкелді. Әсіресе әскери салада кеңінен қолданыста. Мәселен, менің қолымда тұрған дронның салмағы 1 келіге жетер-жетпес. Негізгі қызметі – жарылғыш заттарды тасымалдау. Әуеде 40 минуттай қалықтай алады. Сол уақытта нысанаға жеткенде жойқын жарылыс жасайды.
Алмас Сайранбаев, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері:
Ұшу жылдамдығы сағатына - 35 км. Ең жоғары көтерілу биіктігі - 6 км. Ең алысқа ұшу қашықтығы ашық, кедергісіз жағдайда 15-20 км дейін ұшады. Кішкентай ғана РГД-5 шабуылдаушы гранатасымен қарсыластың миллиондаған-миллиардтаған аппаратын істен шығаруға болады.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Дрондар дәуірлеген кезеңде оны басқару, мамандарды машықтандыру ең маңызды мәселе. Жаттығу алаңындағы жарыс осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі дрондар додасына 14 команда қатысып жатыр. Олардың арасында жуырда ғана жеңімпаз атанған жігіттер де бар.
Қайсар Есенғали, бас төреші:
Дрондар жарысы төрт бағытта өтеді. Әскери құрылымдар әртүрлі дрондарын өздері дайындап, алып келді. Барлық дрондар FPV-дрондар болып саналады. Дрондармен барлық нешетүрлі тапсырмаларды орындауға болады.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Дәл қазір әлем елдері дрондарды технологиялық тұрғыдан жетілдіруге ден қойған. Аталған аппараттар қазақ армаясында кеңінен қолданыста. Сондықтан бүгін бәсеке сарбаздардың шеберлігін шыңдауға сеп болары сөзсіз. Ал жарыс жеңімпаздары ертең анықталады.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00