Шымкентте дәстүрлі «Таза бейсенбі» шарасы өтті
Шымкентте дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Бұл жолы тазалық жұмыстары Тұран ауданына қарасты №8 мөлтек ауданында өтті. Елуге жуық адам көпқабатты үйлердің аулаларын қоқыстан арылтып, шөп шауып, қураған бұтақтарды жинады. Мұндай сенбілік жыл басынан бері 37 рет өткізіліп, 35 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Жалпы, атаулы науқанға 3 жарым мыңнан астам тұрғын атсалысқан.
Ербол Байқонысов, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
«Таза Қазақстан» деген сөздің өзі біз рухани таза болуымыз керек, әқайсысы өз тазалығына жауап беруі керек. Әркім шашып кеткеннен кейін тазалау мақсат емес. Әрбір азамат жүрген жерін тазалап жүруі керек. Шымкент – жасыл қала, осылай тазалыққа шақырғанның нәтижесінде біз таза қалаға айналамыз деп есептеймін. Барлық жер таза болатын болса, тазалайтын жер болмауы да мүмкін. Сондықтан біз экологиясы таза қалада өмір сүруіміз керек.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05