Алматыда Еңбек күніне орай арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды
Алматыда Еңбек күніне орай Түркістан облысының диқандары өз өнімдерін әкеліп, арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл айтулы шара ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегін дәріптеп, қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайта түсті.
Жазира Оразқызы, тілші:
Жәрмеңкеде түркістандық диқаншылар ала жаздай еңбектеніп, маңдай терімен жинаған 500 тоннадан астам азық-түлігін арзан бағада ұсынды. Бүгінгі Еңбек күнi – мына жәрмеңкеде өз өнімін ұсынған әр диқанның мерекесі. Таңнан таласа бұл жерге келген алматылықтардың қарасы қалың. Табиғи әрі сапалы, бағасы нарықтағыдан төмен болғандықтан, өнімдерге сұраныс көп.
Еңбек күні Алматыда апта бойы тойланды, түрлі еңбек ұжымдары марапатталып, еңбек озаттарына құрмет көрсетілді. Еңбек адамының қоғамдағы орны мен маңызын насихаттаған іс-шаралар легі әлі де жалғасып жатыр. Еңбек күні – маңдай тер мен адал істің, береке мен бірліктің мерекесі екені тағы бір дәлелденді.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28