Қостанайда қалың қар жауды
Қостанайда бүгін қалың қар жауып, жолда қатынас қиындады. Айналасы бірнеше сағаттың ішінде 12 жол апаты тіркелген.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Қостанайға қыс тым ерте келген сыңайлы. «Қазгидромет» мамандарының мәлімдеуінше, соңғы рет қыркүйек айында қалың қар осыдан 25 жыл бұрын түскен екен. Бұл аномалды жағдай. Қолайсыз ауа райының салдарынан бірнеше бағыттағы тас жолда қатынас қиындады. «Қостанай-Алматы-Екатеринбург» бағытында таңғы сағат 06:00-10:00 аралығында 9 көлік жолдан тайып, жиекке шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Олардың барлығын мамандар шығарып алды. Қазір жолда бақылау күшейді. Полиция қызметкерлері алыс жолға шықпауға, жылдамдықты асырмай, арақашықты сақтауға шақырады. Сондай-ақ қала ішінде әлі жапырағы сарғайып түсіп үлгермеген ағаштар қалың қарды көтере алмай сынып жатыр. Кейбірі тіпті көліктерді басып қалған. Қаланың үш ауданында электр желілерінен ақау шықты. Кей жерде бағдаршамдар істемейді. Қазір 6 бригада жұмыс істеп жатыр. Шығын көлемі әзірге белгісіз.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04