Ш.Мұртазаның шаңырағына шәкірттері жиналды
Жамбыл облысы, Талапты ауылындағы Шерхан Мұртазаның өзі тұрған үйінде «Шерағаңның шекпенінен шыққандар» атты келелі кездесу өтті.
Жиынға 60-70-ші жылдардағы «Лениншіл жас» газетіндегі Шерағаңмен қызметтес болған 85 жастағы Кәдірбек Сегізбаев, 80 жастағы қаламгер Жанат Елшібек те келді. Жазушының тәлімін алған өзге де зиялы қауым өкілдері жазушы жайлы естеліктерімен бөлісті. Ауылға атын беру, Тараз қаласынан еңселі ескерткішін ашу туралы ұсыныстар айтылды. Ал жазушы атындағы орталық «Шерағаңның шекпенінен шыққандар» атты кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізді. Онда шындықтың шырағданы, туралықтың тұғыры атанған жазушы жайлы мазмұнды мақалалар топтастырылған.
Әмірхан Меңдеке, әдеби сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
Пушкин өлген кезде Гогольдің сөзі бар: «Пушкин өлді, Ресей жетім қалды» дейді. Неге өйтіп айтып жатыр, өйткені Пушкин әдеби, мәдени ырыс, рухани реңі. Біз де сол секілді Шерхан Мұртаза өлгенде жетімсіреп қалдық. Сондықтан енді есімізді жинадық қой, енді Шерағаңның дүниелерін, асыл мұраларын насихаттауымыз керек.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03