Қазақстан халықаралық ынтымақты нығайтып келеді
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі қаржы саммитін өткізеді. Бұл шара Бейжіңнің бастамасымен жүзеге асырылып, қаржылық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын тұрақты сарапшылар алаңына айналады деп жоспарлануда. Қазақстан тарабынан Астана халықаралық қаржы орталығы, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институты және Әлемдік экономика мен саясат институтының мамандары қатысады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберіндегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бейресми жиналысында хабарланды.
Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы:
Кеңес мүшелерінің еңбегі нәтижесінде ынтымақтың жаңа бағыттары қарқынды дамып келеді. Ұйымның трансформациясына арналған жол картасы бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп, Қазақстанның ратификациялауымен хатшылық халықаралық мәртебеге ие болды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен ұйым қызметкерлері жаңа штаб-пәтерге көшті. Бұл жаңалықтарды өз көздеріңізбен көру үшін баршаңызды Астанаға шақырамын.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00