«Бақты – Аягөз» теміржолының құрылысы басталды
Абай облысында еліміздің көлік саласы үшін стратегиялық маңызы зор «Бақты – Аягөз» теміржолының құрылысы басталды. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын жеңілдетіп, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңір экономикасын дамытып жаңа жұмыс орындарын ашпақ. Құрылыс жұмыстары Аягөз, Мақаншы және Үржар аудандарын қамтиды. Жобада жалпы 12 станция салу көзделген. Қазірдің өзінде 150-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылды. Теміржол толық пайдалануға берілген соң 1200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылысы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Арайлым Асаубаева, Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:
Аталған ірі темір жол жобасын іске асыру мақсатында Абай облысының әкімдігі тиісті жер учаскелерін резервке алды. Жауапты ұйым ретінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы белгіленген. Мердігер ұйым ретінде China Harbour Engineering компаниясы айқындалды. Қазіргі таңда жоба бастау алды.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04