Президент: ЖИ бейбіт мақсатқа ғана қолданылуы керек
Жасанды интеллект тек бейбіт мақсатта ғана қолданылуы тиіс. Бүгін Digital bridge форумы аясында пленарлық отырысқа қатысып, сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осылай деді. Жиынға Мажарстанның Президенті Тамаш Шуйокпен қатар алпауыт компания өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Мемлекет басшысы ең әуелі жиынға келген мәртебелі меймандарға алғысын білдіріп, «Дижитал бридж» шарасы маңызды пікір алмасу алаңына айналып үлгергенін айтты. Президент ең әуелі жасанды интеллект тек бейбіт мақсатта қолданылуы тиіс екеніне тоқталды. Мәселен, әскери салада, кибер шабуылдарға, халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларға қолдануға болмайды. Сондықтан жауапкершілікпен қолдану аса маңызды. Сын қатерінен сақтанып, тиімді пайдалану үшін заңнамалық негізін бекіту керек. Сондықтан цифрлық кодексті жедел қабылдау үшін нақты шаралар жасалуы тиіс деді. Президент бұдан өзге жасанды интеллектті мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа философиясына айналуы тиіс деді. Жасанды интеллекттке қатысты өзге де тың бастамалар жайында толығырақ кешкі жаңалықта айтамыз.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28