Түркістан облысында республикалық жастар форумы өтті
Түркістан облысының Төлеби ауданында еліміздің 20 өңірінен келген 300-ге жуық азамат «Auyl Jastary» республикалық форумында бас қосты. Жиында жастардың қалаға жаппай көшу себептері, жұмыспен қамту, инфрақұрылым мен тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, форумда цифрландыру мен жасанды интеллектіні ауыл өміріне енгізу, жаңа бастамаларды іске асыру жолдары сөз болды.
Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты:
«Ауылдағы жастарға бүгінде жұмыс тауып беру мәселесі өте қиынға айналып тұр. Сондықтан мемлекеттік тұрғыдан біз бағдарламаларды күшейтуіміз керек. «Дипломмен ауылға» сияқты бағдарламалардың кемінде 10 шақтысы болу керек! Біз қайткен күнде де ауылдан шыққан жастарды ауылға қайтып әкелу мәселесін және ауылдың көркеюі үшін жұмыс жасайтын боламыз».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04