32 млн: «Интернет алаяқтарға алданып қалдым»
Интернет алаяқтары айылын жияр емес. Әдіс-тәсіл, айла-амалдары түрленіп, жаңарып барады. Тіпті қалыптасқан ситуациядан хабары мол адамдарды сан соқтырып жатыр.
Киберқылмысқа қарсы полиция департаментінің ақпары бойынша, интернет алаяқтардың кесірінен азаматтарымыз тек биыл 29 миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылған.
Енді мына мәселеге назар аударсақ: «Банк және банк қызметі туралы» заңның 30-бабында былай делінген:
«Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа заңсыз қол жеткізілгені, оның заңсыз өзгертілгені анықталған кезден бастап банк бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке және уәкілетті органға хабарлайды».
Яғни, банк заңсыз әрекет болғанын білген сәттен бастап, бір күн ішінде азаматтарды міндетті түрде хабардар етуі тиіс. Сонымен қатар екі жұмыс күні ішінде заңсыз әрекеттерді жою үшін, ал он жұмыс күні ішінде оның салдарын түзету үшін шаралар қабылдауы керек.
Сонымен бірге, сот клиенттің алаяқтыққа байланысты шынымен зардап шеккенін мойындаса, банк одан қарызды толықтай алып тастауға міндетті. Егер жәбірленуші сол қарыз үшін ақша төлеп қойған болса, ол қаражат та қайтаруы тиіс.
Бірақ Елдос Есенболдың сторителлинг-сюжетіндегі кейіпкерлерді тыңдасақ, банктер несие беріп және өндіріп алуды ғана білетін секілді.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03