Ақтауда электр желелерін жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Ақтауда электр энергиясы желілерін жаңарту жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. Тозығы жеткен 6 учаскеде электр желілері толығымен жаңартылған. Енді, екінші кезеңде тағы 11 учаске ауыстырылады. Одан бөлек, қалада хаб 1 және хаб 2 жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл жаңадан бой көтерген шағын аудандар мен болашақта салынатын шағын аудандарды электр энергиясымен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл жұмыстарға бюджеттен 486 млн теңге бөлінген. Еске салайық, соңғы жылдарда әсіресе жаз мезгілінде Ақтау қаласында жарық жиі өшеді. Бұған электр желілерінің ескілігі себеп. Мәселен, өткен жазда 10 шағын ауданда электр кабельдерінде ақау шығып, апатты жағдайлар тіркелген.
Әбілқайыр Байпақов, Ақтау қаласының әкімі:
80 пайызға жуық электр кабельдерінің тозығы жеткен көпшілік жерлерде. Қала тарихында бұрын ауқымды жұмыстар жүргізілмеген. Иә, білгілі бір бөлікте ақау шыққан кезде ауыстырылады. Бұл жоба жүзеге асқан кезде Ақтау қаласының жалпы жоғары шағын аудандарында және болашақтағы даму перспективасында салынатын нысандарға электр желісін толыққанды, үздіксіз беруге мүмкіндік береді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03