Абай облысында қоқыс тастағандарға айыппұл салына бастады
Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бойынша тәртіп бұзғандарды жедел басқару орталықтарының камераларынан анықтап жатыр. Жыл басынан бері облыс бойынша қоғамдық орындарды ластауға қатысты 2700-ге жуық факт тіркелген. Сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзып, жасыл желекті бүлдіріп, инфрақұрылым нысандарына зиян келтірген 5900-ға жуық заңсыздық камераға түсіп қалған. Тәртіп сақшылары құқық бұзып, қоршаған ортаны ластап, зиян келтіргендерге заңға сәйкес айыппұл салып, жауапкершілікке тартқан. Алдын-алу шаралары да күшейтілді.
Ұлан Ақашев, ПД жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы:
Құқық бұзушылықтың барлығы бойынша тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың мөлшері жеке тұлғаларға 20 АЕК, ал қайталанған жағдайда 30 АЕК.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06