Түркістан облысында оқушы қызға азғындық жасаған мұғалім 12 жылға сотталды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектеп оқушысын азғындық жасады деп айыпталған мұғалім 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дене шынықтыру пәнінің мұғалімін «16 жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» бабымен кінәлі деп тапқан. Осы баппен айыпталушыны педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Еске салайық, 16 жылдан бері білім мекемесінде жұмыс істеген 37 жастағы мұғалім наурыз айында қамауға алынған еді. Сот отырысы барысында мұғалімнің қылмысы толығымен дәлелденген.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04