Аягөздіктер биыл жылудан таршылық көрмейді
Аягөз қаласындағы орталық қазандықтың қуаты үш есеге дейін арттырылды. Мұндай ауқымды жұмыс шаһарда бұрын-соңды жүргізілмеген. Мемлекет есебінен бөлінген қомақты қаржыға үш қазандықтың негізгі агрегаттары жаңаланып, автоматика және қауіпсіздік жүйелері орнатылды. Бұдан басқа, мониторинг және бақылау жүйесі құрылды. Қазандық қуаты молайғандықтан, жылу көзіне басқа да тұрғын үйлерді және жаңа бизнес, әлеуметтік нысандарды қосуға мүмкіндік туып отыр. Осылайша, жылда қыс мезгілінде мәселеге айналатын түйткіл шешілді, - дейді мамандар. Оған 5 шақырымнан астам әбден тозығы жеткен жылу желілерін біртіндеп жаңалау да жүргізіліп жатыр.
Андрей Сачков, қазандық басшысы:
Жылу нысаны жөнделіп жатыр. Қуатты 22 Гкал-ға дейін арттыру үшін жаңа қазандықтар орнатылуда. Яғни, жылу бұрынғыдан үш есе артады. Бұл қазандық Аягөз қаласының басым бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта бізге 1926 абонент қосылған. Тұрғындар енді жылдағыдай жылудан таршылық көрмейді деп ойлаймын.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04