Алматыда жедел жәрдем көлігі баланы қағып кетті
Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жолақтан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті. Жеткіншек балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға Әуезов ауданында болған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2009 жылғы жасөспірімнің миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын алған. Сондай-ақ бет, сол жақ тізе буындарына да зақым келген. Баланың жағдайы – орташа ауыр. Қалалық Полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:
Жедел жәрдем көлігі Жандосов көшесінің бойымен келе жатып, жаяу жолақпен кетіп бара жатқан 2009 жылы туған баланы қағып кетті. Қазіргі таңда болған жол көлік оқиғасы дерегі бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасымен тергеу басталды. Барлық мән-жай анықталып, шешім қабылданады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04