ШҚО-да Маралды ауылында өлген сиырлардан жұқпалы ауру анықталған жоқ
Шығыста Күршім ауданы Маралды ауылында өлген сиырлардан жұқпалы ауру анықталған жоқ. Арнайы зертхана мамандары бір айға жуық жан-жақты таксикологиялық зерттеу жүргізді.
Нәтижесінде 8 ірі қарадан алынған сынамадан сібір жарасы, пастереллёз сияқты
дерттің вирусы табылмаған. Айналасы бірнеше күнде сиырлардың неден өлгенін
нақты анықтау үшін мамандар жем-шөп, су мен топырақ және биоматериалға қосымша
зерттеу жүргізіп жатыр. Мұндай талдау Күршім ауданымен шекаралас Үлкен Нарын
ауданының Балғын және Көктерек ауылдарында да жүргізіледі.
Рамиль Сағындықов, ШҚО ветеринария басқармасының басшысы:
Барлық сынаманы әр жерге жібереміз. Әр лабораторияға. Әрі қарай зерттейміз. Мал неден өлді? Мәселе мына 8 баста емес қой. Мында бір жарым мың бас ірі қара бар. Осыны сақтап қалу үшін.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17