Өскеменде ауыл шаруашылығы зертханасы ашылды
Өскеменде Қазақстан бойынша алғашқы бірыңғай көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасы ашылды. Заманауи ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған зертханаға мемлекеттен 800 миллион теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түріне халықаралық талапқа сай сараптама жасалады. Енді шығыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен қатар барлық өңірдегі шаруалар да өнімдеріне сараптама жасатып, сертификат ала алады. Бұл Қазақстанның экспортқа тауар шығару әлеуетін арттырып отыр.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында Қытайдың халықаралық талаптарына сәйкес құрылған бірыңғай көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасын ашып отырмыз. Бұл тек жаңа инфрақұрылым нысаны ғана емес, сонымен қатар өңірдегі ауыл шаруашылығы дамуының жаңа кезеңі.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек
Сапаров шығысқа сапары барысында ветеринария қызметкерлеріне 20 көлік
табыстады. Бұл өңірдегі сала мамандарының сапалы қызмет етуіне сеп болады. Министр
сүттен түрлі өнім өндіретін нысанның жұмысымен танысып, өңір шаруаларымен
кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02