Шымкентте жастарға берілген 451 пәтер кері қайтарылады
Шымкентте тұрғын үй қорынан жастарға жалға берілетін пәтерлерді баспанасы бар адамдар алған. Мұндай заңбұзу деректері бірді-екілі емес, жүздеп кездеседі. Анықтай келгенде 451 азамат жалға алу шартын бұзған. Кейбірі өз атында үйі бола тұра, пәтерді жалға алса, енді бірі бұған дейін басқа мемлекеттік бағдарлама арқылы үйлі болған. Сондай-ақ, пәтерді үшінші тұлғаларға жалға беру деректері де тіркелген. Тексеру қорытындысы бойынша 451 пәтер қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылатын болды.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің
орынбасары:
Тұрғын үй басқармасына бұл бойынша ескерту берілді. 439 пәтерді мынау бағдарламаның шартын бұзғаны үшін босату бойынша сот органдарына талап арыз түсірілді. Оның екеуі бүгінгі таңда қанағаттандырылды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04