Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті
Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік
ұйымдастырылды. Белсенді тұрғындар қаладағы ірі саябақты тазалап, көшет отырғызды.
Қоршаған ортаны ретке келтірді.
500-ге жуық тұрғын күрек пен тырмасын, қоқыс жинайтын қапшығын арқалап, «Достық»
саябағына жиналды. Барлығы бір атаның баласындай 2 гектар аумақтың тазалық жұмысына
кіріскен. Бірі ағаштан түскен жапырақтарды жинаса, қалғандары 50-ге жуық көшет, 100 шақты
бұталы өсімдік отырғызып жатыр. Алматылықтар үшін сенбілік тазалық мерекесі іспетті. Сондықтан алаңда көңілді əуен
қойылған. Су мен тіске басар да тегін үлестірілді. Қала халқы тазалыққа мұқият қарайды.
Тұрғындар өз ауласын мамандармен бірлесе реттеу үшін жергілікті əкімдікке өтінішбілдіреді.
Коммуналдық қызмет өкілдері техника мен қоқыс шығару жағын қамтамасыз етеді.
Мұқағали Асыл, Бостандық ауданы əкімі аппаратының
бөлім басшысы:
Біздің Бостандық ауданы əкімі аппаратының, қала əкімдігінің аппаратының əлеуметтік желілеріне тұрғындардан өтініштер түсіп жатыр. «Біздің аулада, біз тұратын аумақта сенбілік өткізсеңіздер» деп. Біз оны жоспарға қосып, əр сенбі адамдарды, еріктілерді жинап, сол жақта сенбіліктер өткізіп тұрамыз.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Алматы қаласының өзге аудандарында да
ұйымдастырылды. Сенбіліктерге 13 мыңнан астам адам қатысты. Белсенділер 4 мың түп
көшет отырғызып, мың алты жүз тонна қоқыс шығарған.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12