Үкіметте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы пысықталады
Жыл басынан ел экономикасы 6,5 пайызға өсті. Бұл соңғы 14 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің игерілуі талқыланады. Қазына қаржысы қайда және қалай жұмсалып жатыр?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
![]()
Биыл экономикалық өсім қарқыны соңғы 14 жылда болмаған межеге жетті. Әсіресе көлік және қоймалау, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салаларында оң өзгерістер байқалады. Сондай-ақ былтырғымен салыстырсақ, Астана, Шымент қалаларында, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында қысқамерзімді экономикалық индикатордың өсімі байқалады. Ал Шығыс Қазақстан мен Ұлытау облыстарында кері көрсеткіш тіркеліп отыр. Бюджетке келсек, биыл қазынаға 21,7 трлн теңге қаражат түседі деп жоспарланған еді. Оның 73 пайызы трансферттік емес кірістер. Соның 10 трлн теңгесі әлуеметтік салаға бөлінуі қажет болған. Бұл жоспар тиісті деңгейде жүзеге асып жатыр ма? Бұл сұраққа қазір өтіп жатқан отырыс барысында жауап аламыз. Жалпы, бұған дейін Үкіметке экономиканы әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, халықтың табысын арттыру және еңбек нарығын нығайту сынды бірқатар міндеттер жүктелген еді.
![]()
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04