Өзбекстанда жасанды интеллект көмегімен жол апаты азаяды
Өзбекстанда жасанды интеллектінің көмегімен
жол апатын азайту бастамасы қолға алынды. Жаяу жүргіншілер өткеліне камерасы
бар роботтар орнатылып жатыр. Олар көлік жүргізушілері мен жолаушылардың
ережені қаншалықты сақтайтынын қадағалайды. Мақсат – жолдағы қозғалысты реттеп,
жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе түнгі уақытта болатын
апатты азайту. Жүргінші көшені кесіп өтуге оқталған сәтте технология автоматты
түрде іске қосылады.
Арнайы ескерту белгісін шығарады. Жоба әзірге сынақ режимінде іске қосылды. Сәтті жүзеге асса, ірі шаһарларды қауіпсіз әрі заманауи инфрақұрылыммен қамтуда маңызды қадам болмақ. Небәрі үш тәулікте робот камералар 1700-ге жуық заң бұзушылықты тіркеген.
![]()
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17