Өзбекстанда сиам егіздерін ажырату операциясы сәтті жасалды
Өзбекстанда алғаш рет сиам егіздерін ажырату операциясы сәтті жасалды. 5 сағатқа созылған күрделі отадан соң сәбилер аман сау үйіне шығарылды.
Шыршық қаласындағы ауруханада мерзімінен бұрын шала туылған егіздердің құрсақ және кіндік бөліктері жабысып қалғаны анықталған. Жарық дүние есігін ашқан соң небәрі тоғыз сағат өткенде нәрестелерді ажырату үшін дәрігерлер шұғыл әрекетке кірісті. Күрделі отаны жасауға 12 маман қатысқан. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, операциядан соң ешқандай асқынулар болмаған. Жаңа туған егіз қыздардың салмағы 3 келі 400 грамм.
Айта кетсек, мұндай күрделі ота бұған дейін санаулы елдерде ғана жасалған екен.
Бахтиёр Ергашев, Республикалық неонаталдық хирургия орталығының меңгерушісі:
Егіздердің жағдайы аса ауыр еді, көп ойланып жатуға уақыт тапшы болды. Шұғыл шешім қабылдамасақ, нәрестелер өліп кетуі мүмкін еді. Барлық ықтимал қауіп-қатерге қарамастан сәбилердің өмірі үшін күресеміз деп шештік.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28