Ұлы дала әндері Сербияда шырқалды
Ұлы дала әуендері Сербияда шырқалды. Белградта «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетті. Бұл еліміздің Сербиядағы елшілігінің Республика күніне орай жасаған тартуы. Концертте музыканттар Құрманғазы, Дина мен Дәулеткерейдің күйлерін күмбірлетіп, Қазақстан мен әлем классиктерінің үздік шығармаларын орындады. Сербиялықтар музыканттардың талантына тамсанып, қошемет жаудырды. Концерттен соң көпшілік Қазақстанның көрнекті әйелдеріне арналған фотокөрмені тамашалап, ұлы даланың мәдениетін жаңа қырынан таныды.
Йована Квржич, Белград тұрғыны:
Маған Қазақстанға екі рет сапарлау бақыты бұйырды. Бұған дейін мен 110 мемлекетте болғанмын. Елдеріңіз ғажап. Бүгінгі концертті тамашалау да мен үшін үлкен бақыт. Сиқырлы музыка, әсем ән, мың бұралған бишілердің биі бәрі тамаша.
Зоран Митрович, экономист:
Музыка жанымызды баурап, керемет әсерге бөледі. Барша қазақстандықтарды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын. Қазақстан өзінің дара жолын таңдады. Елдеріңіз адам танымастай өзгеріп, толағай жетістікке жетті. Бұл жоғары құрметке лайық. Елдеріңіз өркендей берсін!
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16