Сарқан қаласында жаңа саябақ ашылды
Республика күніне орай Жетісу облысының Сарқан қаласында табиғи ландшафы сақталған жаңа «Қойтас» саябағы ашылды. Аумағы 6 гектар демалыс аймағына «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық паркінде өсетін ағаштар отырғызылып, сол өңірді мекендейтін жануарлардың мүсіндері орнатылды. Саябақта амфитеатр, балалар және спорт алаңдары, серуен жолдары мен субұрқақтар бар. Сарқан қаласы жуырда ғана «Таза Қазақстан» байқауының нәтижесі бойынша облыстағы «Үздік аудан орталығы» атанған.
Амантай Орынбеков, Сарқан қаласының әкімі:
«Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында «Қойтас» саябағында мыңнан астам әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде көгілдір шырша бар. Қарағай ағашы бар. Биылғы жылы саябағымызда құрылыс жұмыстары атқарылды.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28