Ұлытауда жыл басынан бері 14 мың ағаш егілді
Ұлытау облысы Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Экологиялық шараға еріктілер және оқушылар белсенді ат салысты. Олар «Наурыз» саябағы мен Алашахан даңғылы бойына жүзден астам терек пен қараағаш екті. Ағаштың бұл түрлері Жезқазғанның климатына төзімді, дейді мамандар. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы күзгі көгалдандыру айдың соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар ағаш егу және тазалық жұмыстарына белсенді қатысады. Жыл басынан бері өңірдегі саябақтар мен көпшілік демалыс орындарына 14 мың ағаш егілді.
Сәкен Қайратұлы, Жастар ресурстық орталығының директоры:
Биылғы жылы біздің Алашахан даңғылы жаңартылды. Соның бойына алдыңғы аптадан бастап көшеттерді отырғызу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірнеше жобаны жүзеге асырамыз. Ол суару болсын, ол сенбілік болсын, түрлі акциялар болсын. Бұл – эко мәдениетке баулу.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04