Астанада Абай атындағы университеттің білім беру институты ашылды
Астанада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім беру институты ашылды. Бұған дейін Еуразия ұлттық университетінің базасында жұмыс істеген оқу ордасы басқа ғимаратқа көшірілді. Биыл студенттерге екінші жыл қатарынан білім беріп келеді. Институт Астана мен солтүстік аймақтардағы мұғалім тапшылығын жою мақсатында ашылған. Қазір мұнда 9 білім беру бағдарламасы бойынша 400-ден астам студент оқиды. Көпшілігі мемлекеттік және қала әкімінің гранттары негізінде білім алады. Жоғары оқу орнында инклюзиялық білім беруді дамтығуа басымдық беріліп отыр. Педагогтерден бөлек дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог мамандары даярланып жатыр.
Гүлзат Көбенова, Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
Астанада арнайы мамандандырылған педагогикалық жоғары оқу орны жоқ. Басқа жоғары оқу орындарында бөлек педагогикалық мамандықтар бар. Сол себептен жан-жақты талқылап, осындай шешім қабылдаған болатынбыз. Астана қаласына былтыр бірнеше мамандықтан кадр тапшылығы болса, биыл мысалы арнайы 4 бағыт бойынша керек болды. Жыл сайын болжау зерттеледі. Сұраныс қанша болса сол сұранысқа, сол бағыттарға жоспарланады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07