Алматы-1 ТЖ станциясында техникалық қауіпсіздік күшейтілген
Еліміздің басты теміржол торабының бірі – Алматы-1 станциясында тәулік бойы қауіпсіздік күшейтілген. Бұл аумақтың әр рельсі мен бағыттаушы құрылғылары – үнемі бақылауда. Мұндай сенімді жүйенің артында білікті мамандардың маңдай тері мен кәсіби шеберлігі тұр. Солардың бірі – электромеханик Досымжан Ерланов. Жас маман күрделі құрылғылардың кідіріссіз жұмыс істеуіне жауап береді. Теміржол саласында тынымсыз еңбегімен ерекшеленген электромеханикпен әріптесім тілдесіп қайтты.
Досымжан Ерланов, электр механигі:
Біз қазір 94-ші бағыттаушы-бұрмалаушы жетекке келдік. Бұл үздіксіз жағдайда, қалыпты жұмыс істеу керек. Егер қалыпты жұмыс істемесе, жолаушылар пойызын, жүк пойызының кешігуіне алып соғады.Жылдың төрт мезгілінде де еңбек етеміз. Станцияда бұрмалаушы бағыттағы бағдаршамдар, жетектер, рельс тізбектері деген дүниелерге жауап береміз. Ол жерде қырағы болмасаң, әр дүниеде адам өмірі тұрады. Маған теориядан практикаға көшу өте қиын болды. Осындағы аға буынның арқасында 30-20 жыл жинаған еңбек өтілдерін бойыма сіңірді. Электромеханик мамандығы үлкен жауапкершілік пен дәлдікті талап еткендіктен, сол мамандықты таңдадым.Бұл бізде электро орталықтандыру посты. Бұл – бізде релелер. Реле бізде электрожелілерінің жүруін қамтамасыз етеді. Басы мен соңы деген пәрмен берген кезде, бұл жақта үлкен схемалар жүзеге асады. Бұл бізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арналған.
Досымжан Ерланов, электр механигі:
Тауға шығу да менің жұмысыма ұқсас. Жұмысым қандай қауіпсіздік талап етсе, тауға шығу да қырағылық пен қауіпсіздікті талап етеді. Мен шыққан шыңдардан 4000-5000 бар. Сол сияқты өмірде де мақсатыңа жету үшін аянбай еңбек етіп жұмыс істеуің керек.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06