Қызылорда облысында еңбек озаттарына 14 жаңа автокөлік берілді
Қызылорда облысының шаруалары күзгі жиын-терім науқанын аяқтады. Диқандар күріш алқабының әр гектарынан орташа есеппен 58 центнерден өнім жинап, 470 мың тонна дақылды қамбаға құйды. Жазғы маусымда су тапшы болғанына қарамастан күрішшілер мол өнім алып, жылдағы межені ойдағыдай орындады. Осыған орай, облыс орталығында «Алтын күз» салтанатты шарасы өтіп, ауыл еңбеккерлері марапатталды. Биыл ауыл шаруашылығында жоғары көрсеткішке қол жеткізген Шиелі ауданының шаруалары үздік атанды. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрмен еңбек озаттары марапатталып, диқандарға 14 су жаңа автокөлік табысталды.
Арысбек Байназаров, диқан:
Неше жыл болды су тапшылығы деген қатты бір мәселе болып жатыр ғой. Біздің мамандардың мықтылығының жоғары деңгейде күріш те алды, өнім де алдық. 39 гектар күріш егіп, 95 центнерден өнім алдық. Сол қызметімізді, істеген жұмысымызды бағалап, темір тұлпар мінгізіп жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04