Алматыда атпен мәнерлеп жүру спортынан Чемпионат өтті
Алматы облысында атпен мәнерлеп жүру спортынан Чемпионат өтті. Республикалық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 47 шабандоз жиналды. Үш күндік жарыста қатысушылар: балалар, жасөспірімдер және ересектер санатында бақ сынасты. Он бес жастағы Линара Төлеген сайыста көзге түсті. Ол тоғыз жылдан бері ат спортымен айналысып келеді. Жас спортшы 10 ұпай алып, төрешілердің жоғары бағасына ие болды. Мұндай баға ат пен шабандоз арасындағы мінсіз үйлесімділікті білдіреді, дейді ұйымдастырушылар.
Линара Төлеген, шабандоз:
Мұнда жылқыны басқару үшін алдымен жануарды толық сезіне білуің керек. Сайысқа жылға жуық уақыт дайындалдым. Бұл спорт адамның сабырын сынайды.
Азат Толқынбеков, ұйымдастырушы:
Атпен мәнерлеп жүру – жылқы мен адамның үйлесім табу өнері. Мұнда ырғақ, тепе-теңдік және дәлдік басты назарда. Сол себепті бұл спорт түрін жиі «жылқы үстіндегі балет» деп атайды. Чемпионат Халықаралық ат спорты федерациясының ережесіне сай өткізіліп жатыр. Мұндай стандарттар бүгінде ат спорты мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04