Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
Маңғыстауда «Құрық – Жетібай» және «Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» автожолдарының құрылысы жүріп жатыр.
Аталған жобалардың сапалы әрі кестеге сай жүргізілуін бұдан былай мемлекеттік
құзырлы органдар бақылайды. Осы орайда сәулет-құрылыс бақылау басқармасының
өкілдері Ақтауда жол зертханасында болып, жол құрылыс материалының талапқа
сәйкестігін тексеру тәсілдерімен танысты. Биыл облыс аумағында 50-ден астам
жолға бақылау жүргізілген. Мың жарымдай сынаманың 29 пайызы талапқа сай болмай
шықты.
Дәурен Өтепқали, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:
Кернді алғаннан бастап қорытындысы шыққанға дейінгі аралықта процесс қалай жүреді. Соны біз қарап таныстық. Себебі бұл мекемемен алдағы уақытта біз тығыз жұмыс жасайтын боламыз.
Адайбек Қалиев, Ұлттық сапа орталығының өкілі:
Мердігер мекемелер, техникалық қадағалаушы мекемелердің өкілдері кейде болуы мүмкін обьектілерде, кейде келмеуі де мүмкін. Сондай жағдайлардың барлығында тиісті шарасын алу үшін жергілікті әкімдікпен бірлесе жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мақсатымыз – мердігерлердің де, техникалық қадағалаушылардың да жауапкершілігін арттыру.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04