Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
5G Kazakhstan ұлттық жобасы аясында Kcell компаниясы 2023-2025 жылдар аралығында 5G желісін жылдам енгізіп, тың технологияның күнделікті өмірге енуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде 2 242 дана базалық станциясын орнатылды. Бұл әлемдік рейтингінде тұтас Қазақстанның көрсеткішін жақсартып отыр.
Биыл елімізде интернет трафигін тұтыну айтарлықтай артқан. Өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Саланы дамыту үшін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы іске асып жатыр.
Жаслан Мәдиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
2027 жылдың соңына дейін халықтың 100 пайызы интернетпен қамтылады. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тан асып, оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің 90 пайызына дейін тартылады.Бүгінде Kcell абоненттерінің 40 пайызы 5G жылдамдығын пайдаланады. Бұл заманауи цифрлық қызметтерге сұраныстың тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Бұл бағытта жұмыс одан әрі қарқын алмақ.
Асқар Жамбакин, «Кселл» АҚ басқарма төрағасы:
Өткен жылы ғана жаңа 1800 станция қостық. Екі жылдың ішінде. 4,4 мың модернизация жасадық. Сондықтан бұл өте үлкен ақша. 300 млрд-тан аса, көп ақшаны енгізді. Келесі жылы да 100 млрд теңгеге желісін ұзарту үшін инвестиция жасаймыз.Kcell келесі жылы 567 базалық станцияны пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Kcell Private 5G жобасын іске қосып, өнеркәсіп және тау-кен секторында 10 жобаны жүзеге асырды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03