Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі
Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі. Жыл басынан бері шеттен жеткізілген тауарлардың үлесі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өсті. Әсіресе азық-түлік пен көліктерге сұраныс жоғары. Импортқа тәуелділік бұлай жалғаса берсе, отандық кәсіпорындардың тынысы тарылуы мүмкін. Алайда өзге мемлекеттерден тауар кірмесе, экспортты дамыту мүмкін емес екені анық. Айта кетейік, Өзбекстандағы тауар айналымының 50%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. 18 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы реттелген. Байланыстарды одан әрі тереңдету үшін екі ел үкіметінің арнайы жоспары бар.
Фарход Алимжанов, Өзбекстан Кеден комитеті стратегиялық
жоспарлау басқармасының басшысы:
Өткен кезеңде импортты оңтайландыруға тырыстық. Уақыт өте келе шетелден тауар сатып алмасақ, экспортты дамыту мүмкін емес екеніне көзіміз жетті. Қазақстанмен алыс-беріс жыл сайын артып келеді. Көрші елдің тауарларына сұраныс біздің елде жоғары.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28