Өскеменді басқан зиянды түтін сейілмей тұр
Өскеменді кешеден бері қою түтін басып тұр. «Қазгидромет» орталығы қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасқанын хабарлады. Қазіргі ахуалды тілшіміз Олжас Керейханнан білсек? Олжас экологтар не дейді? Бұл жолы ауада қандай зиянды заттар көбейгені белгілі ме ?
Олжас Керейхан, тілші:
Қайырлы күн. Иә, ауадағы зиянды заттардың қандай түрі және ол шектік мөлшерден қанша есеге көп екені бірден анықталады. Ол үшін тек Өскеменнің өзінде «Қазгидромет» орталығының 11 зертханасы үнемі онлайн жұмыс істеп тұр. Оған қоса экология депратаменті мамандары да арнайы құрылғымен қаланың әр аумағындағы ауа құрамын зерттеп, нәтижесін бірден жариялайды. Соңғы үш тәулікте көміртек тотығы шекті мөлшерден 1,5 есеге артқан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Ал кешеден бері ауада күкіртті сутегі, көміртегі тотығы, күкірт диоксиді сияқты зиянды металдар шекті мөлшерден асып кеткен. Мұндай химиялық элменттер, әрине ауыр өндірістер мен жылыту орталықтарынан бөлінеді. Оған жеке үйлерден шығатын көмірдің түтіні қосылып, тұрғындардың тынысын тіпті тарылтып жібереді. Сондықтан дәрігерлер ауа ластанған күндері өскемендіктерге далада көп жүрмеуді ескертеді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02