«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
Ақмола облысының Шортанды кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар аллеясы абаттандырылып, 80 түп көшет отырғызылды.
Осы жолы жастардың сүйікті орнына айналған аллея көгалдандырылды. Оған аудан орталығының белсенді жастары мен мемлекеттік қызметкерлер және өңірдің белгілі азаматтары қатысты. Олардың қатарында үш рет әлем рекордын орнатып, есімі Гиннес кітабына енген қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников те болды. Жалпы, жыл басынан Шортанды ауданында 6 мыңнан аса көшет отырғызылған. Тазалық акциялары да апта сайын ұйымдастырылады. Осы жолы игі шара жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Адал еңбек – адал табыс» жастар форумымен жалғасын тапты.
Күнсұлу Малшыбаева, Шортанды тұрғыны:
Жалпы, мен «Таза Қазақстан» акциясына жастардың қатысқанын өте қатты қолдаймын. Себебі айтамыз ғой, бүгінгі жастар еліміздің тірегі, болашағы деп. Осы жастардың арқасында біздің ел өркендейді және осы «Таза Қазақстан» акциясы барысында жастардың ерікті, волонтер болуы еліміздің дамуына өте қатты үлесін қосады деп ойлаймын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03