Семейдегі Абай музейіне – 85 жыл
Семейдегі Абай музейінің құрылғанына 85 жыл. Осыған орай «Абай музейі – ақын мұрасының қара шаңырағы» атты жиын өтті. Мұражай тарихында елеулі із қалдырған Әрхам Ысқақов, Қайым Мұхамедханұлы сынды зерттеуші ғалымдар мен Ахат Шәкәрімұлы, Төкен Ибрагимов, Бекен Исабаев сынды абайтануға еңбек сіңірген тұлғаларға арнап ескерткіш тақта ашылды. Ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, музей тарихын қамтыған көрме таныстырылды. Қара шаңырақ қалыптасқалы әр жылдары жинақталған құндылықтардың саны бүгінде 22 350-ге жеткен.
Ұлан Сағадиев, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының директоры:
1940 жылы ұлы тұлғалар – Мұхтар Әуезовтің, Қаныш Сәтпаевтың бастамасымен Қазақстан тарихындағы ашылған тұңғыш әдеби музей – Абай музейі. Өмірін Абайтануға, Абай музейіне, Абай шығармашылығын зерттеуге, оны жас ұрпаққа насихаттауға арнаған тұлғаларға үлкен құрмет, ұрпақтар сабақтастығы деп білеміз.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04