Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
Ақтөбе облысынан жайсыз хабар жетті. «Самара – Шымкент» тас жолында болған жол апатынан 12 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алған.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Жол апаты Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылының маңында болған. Жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Жүргенов ауылынан Ақтөбе қаласына келе жатқан «Газельді» соққан. Өкінішке орай, 10 жолаушы мен 2 жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Тағы 5 адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Үшеуінің жағдайы ауыр. Тағы бір адам емдеу мекемесіне барудан бас тартқан. Оқиға орнына өңір басшысы мен құзырлы органдардың қызметкерлері барды. Ішкі істер министрлігінен арнайы топ жіберілген. «Самара – Шымкент» магистралінің жол апаты болған учаскесі уақытша жабылды. Жыл басынан бері осы жолдың бойында 89 апат тіркеліп, 25 адам қаза тапқан еді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17