«БЕРЕКЕ FEST»: Сиыр етінің келісі 2780 теңгеден сатылуда
Сиыр етінің бір келісі 2780 теңге. Ал қарақұмықтың 5 келісі 1048 теңге. Иә, қалыс естімедіңіз. Астанада азық-түлік бағасы осылай саудалануда. Ел аумағында Республика күніне «БЕРЕКЕ FEST» акциясы жүріп жатыр. Сонымен, ең қажетті азық-түлікті қанша теңгеге сатып алуға болады?
Самал Қабышева, тілші:
Біз қазір Астанадағы сауда желілерінің бірінде жүрміз. Ол жерде де «БЕРЕКЕ FEST» акциясы өтіп жатыр. Осы акция аясында үйге ең қажетті азық-түлікті аламыз. Бағасы қаншаға шығады? Бірге есептеп көрейік.
Самал Қабышева, тілші:
Сиыр етінен бастап, ұн, сүт, қант, сұйық май, қарақұмық, күріш, жұмыртқа сынды ең қажетті азық-түлікті алдық. Міне, бағасы. Өздеріңіз көріп тұрғандай, 9086 теңгеге шықты.
«БЕРЕКЕ FEST» акциясы - Сауда және интеграция министрлігінің бастамасы. Еліміз бойынша өтіп жатқан шараға осы өңірлер белсенді қатысуда. 80-нен астам ірі сауда желілері халыққа арзан бағада азық-түліктен бастап, түрлі тауар түрлерін ұсынуда. Wildberries, Kaspi, Teez сынды ірі онлайн платформалар арқылы да өнімдер қолжетімді.
Тойгүл
Жұбанисова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:
Сауда министрлігінің Республика күніне орай ұйымдастырған ауқымды акциясы. Бұл еліміз үшін ең негізгі айтулы Ұлттық мерекелердің негізгісі. Осы мақсатта Сауда министрілігі тек ғана сауда желілерімен ғана емес, үлкен сауда орталықтары, сауда үйлері, одан бөлек маркетплейстер, онлайн сауда алаңдарына да әртүрлі жеңілдіктерді ұйымдастырып жатыр.
Халықтың қалтасына
тиімді болған «БЕРЕКЕ FEST» акциясы ай соңына дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы