Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ қосылды
Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру саясатын жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Президент бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ қосылды, - деп жазды мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм арнасындағы парақшасына.
«Елімізде 63 кәсіби мереке аталып өтеді. Еңбек күніне ерекше маңыз берілген.
Жыл сайын еліміздің дамуына адал еңбегімен жеке үлесін қосып жүрген азаматтарға
мемлекеттік наградалар тапсырылады. Республика күні қарсаңында Президент түрлі
салалардың 500-ден астам жұмысшысын, еңбек әулеттерінің 138 өкілін, 200-ден
астам ғалымдар мен педагогтерді, медицина қызметкерлерін мемлекеттік
наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Ең жоғары мемлекеттік
награда – «Қазақстанның Еңбек ері» атағы көп жылдық еңбек өтілі бар әрі еңбек
әулеттерінің өкілі саналатын механизатор Мұрат Қаражұманов пен шахтер Сергей
Чернобайға берілді» деп жазды Ерлан Қарин.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы