Басты Жаңалықтар Президент Республика күнімен құттықтады

Президент Республика күнімен құттықтады

«Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз». Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан Президенті осылай деді. Мемлекет басшысы әр кезеңде ұлт тарихында өшпес із қалдырған барлық мемлекет және қоғам қайраткеріне құрмет көрсетілетінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды қадамдар жасалғанын еске салды. 2019 жылы ауқымды реформалар қолға алынып, Қазақстан жаңа тұрпатты ел болу жолына түскенін жеткізді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңымызға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биыл шілде айынан бастап Кассациялық сот жүйесі іске қосылды, бұл қоғамымызда әділеттілікті күшейтуге жағдай жасады деді.


Бөлісу