Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
Биылғы оқу жылында Ақтөбе облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бес білім беру мекемесі ашылған еді. Бұл жаңа нысандар оқушылармен қоса ата-аналардың да көңілінен шығып отыр. Әсіресе, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, номері 82-інші мектептегі инклюзивті топтарға 66 бала барып жүр. Оларға білікті мамандар қызмет көрсетеді. Психолог, логопед, және дефектологтар арнайы жабдықталған кабинеттерде қызмет көрсетеді.Осындай тәжірибелі педагогтардың арқасында ерекше балалар қатарға тез қосылып, сабақ оқуға деген ынтасы ашыла бастаған.
Гүлназ Құлданова, логопед:
Логопед кабинетінде кішкентай зонтқа дейін барлығы жабдықталған. Яғни, біздер мамандар болып осы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға өз жұмысымызды алаңдамай, барлық дидактикалық, көрнекілік материалдармен жұмысымызды жасап келеміз.Қазір «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған өңірдегі 7 білім ордасында бес жарым мың оқушы бар. Оқу жылының соңына дейін осындай тағы жеті мектеп ашылады. Барлығында іріктеуден өткен білікті педагогтар қызмет атқарадады. Ата-аналарды, әсіресе, инклюзивті білім беру мүмкіндіктерінің кеңейіп келе жатқаны қуантып отыр.
Бағила Қоныс, қала тұрғыны:
Нәтиже көріп жатырмын. Балам жәйлап сөлйеп келе жатыр және де логопед апайына қуана-қуана барады. Осы «Келешек мектебі» ашылғалы балаларға бүкіл жағдай жасалып тұр. Жеке сияқты бұл жақта да өте жақсы мамандар, баламен қарым-қатынас жақсы.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04