«Қызылорда-Жезқазған» автожолының биыл 191 киллометрі пайдалануға беріледі
Сыр өңірінде «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға таяу. Облыс аумағында ұзындығы 191 шақырымды құрайтын жол бойында қазір соңғы учаскеде қызу жұмыс жүріп жатыр. Ел ұзақ күткен трасса қашан пайдалануға беріледі?
Күре жолдың соңғы төрт шақырымына 150 градусс ыстық асфальт-бетон жабындысы төселіп жатыр. Арнайы техникалар буы бұрқыраған асфальтты суытпай нығыздап, тақтайдай тегіс жол салуда.
Қазіргі таңда ең ұзақ 51 шақырым жолды салып жатқан мердігер жұмысын аяқтауға жақын. Сондай-ақ, жоба бойынша жол жиегі нығайтылып, көлік тоқтайтын демалыс айрықтары абаттандырылып жатыр.
Ерсайын Мұзафар, жоба жетекшісі:
Үш лот қабылданған қазіргі уақытта. Үшінші қабаттың төрт шақырымы қалды. Оны осы ағымдағы айдың соңына дейін бітіріп, осы 191 шақырымның барлығында жол қозғалысы ұйымдастырылады.Данияр Жолдасбеков, жүк көлігінің жүргізушісі:
Әзірге, облыс аумағында автожолдың 187 шақырымы толықтай пайдалануға берілген. Биыл көлік қозғалысы артып, жүргізушілер осы аралықта жаңа жолдың игілігін көруде.
Халық жүріп жатыр. Қарым-қатынас болып жатыр. Мен былтыр жүрген кезімде анда-санда бір көлік жүретін. Қазір көп көлік қатынап жатыр.Мағжан Қасымхан, зертхана меңгерушісі:
Ал күрежолдың сапасын мамандар ұдайы бақылауда ұстап келеді. Биыл ақау анықталған 4 мың шаршы метр асфальт жабындысы сүріліп, мердігер талапқа сай қайта түзеткен.
Ағымдағы жылдың өзінде 330 сынама алынды. Оның қазір 49-ы талаптарға сай келмей тұр. 21 сынама бойынша мердігер қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, қалған сынамаларға қайта салу жұмыстары атқарылып жатыр.
Өңірде «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы мұнымен тоқтамайды. Өйткені, келер жылы республикалық маңыздағы трассаға қаладан қосылатын ескі жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталмақ.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20