Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі мен Қазақстан кинологтар одағының кубогы өтіп жатыр.
Еліміздің барлық аумағынан 200-ге жуық жануар әкелінсе, оның 60-тан астамы – тазы ит. Мамандар тазы қанының тазалығын,сыртқы пішінін, денсаулығын сарапқа салады. Бұл – қазақ құмайының саны мен сапасын арттыруға бағытталған қадам. Одан бөлек өзге тұқымды иттер де өзара жарысқа түскен. Үздік атанғандарға арнайы сертификат пен қажетті азығы беріледі. Ұйымдастырушылар бұл сайыс ит асыраушылар арасында тәжірибе алмасуға, қазақ тазасының кең насихатталуына жол ашады деп отыр.
Қадірлі көрермен бүгіндікке жаңалықтар легі тәмам. Ел тұғыры берік, егемендігіміз мәңгі болғай! Республика күні құтты болсын! Аман-сау болыңыздар!
Бауыржан Серікқали, Қазақстан Кинологтар одағының президенті:
Біздің тұқымдық кітап бойынша 3 500-ге жуық тазы тіркелген. Бұл ресми тіркелгені. Өңірлік жерде тазылар жеткілікті есепте тұрмаған. Сондықтан біздің мақсатымыз солардың ішінен ең асыл тұқымды тазыларды табу. Бұл көрмелердің нәтижесінде біз тазылардың бағаларын көреміз. Солардың барлығы тұқымдық, болашағына әсер етеді.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28