Брюссельдегі «Manneken pis» мүсініне қазақтың шапаны кигізілді
Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен Республика күніне орай, Брюссельдегі әйгілі «Manneken pis» мүсініне ақ шапан жабылып, бөрік кигізілді. «Жульен» есімді бала мүсінге Бельгиямен достық қатынасы мығым мемлекеттердің ұлттық киімін кигізу дәстүрге айналған. Брюссельдің ең танымал ескерткішін көруге жылына 6,5 млннан астам турист келеді екен. Шетелдіктер қазақтың ұлттық киімін киген кішкентай бала мүсінмен таласа суретке түсіп, елдің мәдениеті жайлы біраз мағлұмат алды. Сондай-ақ, мерекенің құрметіне бауырсақ пен Қазақстан шоколадынан дәм татты.
Роман Василенко, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі:
Бала мүсінді киіндіру дәстүрі XIX ғасырдан бастау алады. Қазір оның мың жарымнан астам костюмі бар екен, соның ішінде қазақтың шапаны мен бөрігі бары қуантады. Брюссель билігінің бізді қолдап, Республика мерекесін бізбен бірге атап өтуі Қазақстан үшін үлкен құрмет.
Ахмед Эль Ктиби, Брюссель әкімдігінің құрметті өкілі:
Брюссель Бельгияның ғана емес, Еуропаның астанасы. Әрі бұл көптеген Еуропалық институттар мен халықаралық ұйымдар орналасқан шаһар. Маңызды оқиғаға орай «Маннекес пистің» киімі ауысып тұрады. Мынадай ғажап шапанға алғысымыз шексіз. Қала атынан өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан керемет ел Қазақстанның барлық өкілдеріне қош келдіңіздер деймін.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16