Көкшетауда салауатты өмірге бет бұрған зейнеткер көбейді
Көкшетауда салауатты өмір салтын ұстанған зейнеткерлердің қатары артып келеді. Шаһардағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы күніне 150 адамды қабылдауға қауқарлы болса, бүгінде келушілер саны 350-ден асқан. Сондықтан орталық үш ауысымдық жұмыс кестесіне көшті. Алпысты алқымдап, сексеннің сеңгіріне жеткен қарттардың әсіресе, спорттық, қозғалыс үйірмелеріне қызығушылығы зор.
Бұл қоян-қолтық ұрыс емес, каратэнің демалу жаттығуларына негізделген ката
деген түрі. Дәл осы спорт түрімен 50-ден астам зейнеткер шұғылданады. Олардың
ең үлкені сексеннің сеңгіріне жеткен Александра Кәрімжанова.
Александра Кәрімжанова, зейнеткер:
Бірінші күннен маған ұнады. Қимылдағанда денем толық қозғалады. Қытайлардың да ұзақ өмір сүру себебі сол ғой. Көп өмір сүреді және өздері әп-әдемі болып жүреді. Бұрын қан қысымым бар еді қазір кетті.
Кәрілікке бой алдырмай, жан мен тән саулығын сақтап жүргендердің бірі - Әнипа
Жүсіпова. 77 жастағы әжей йогамен айналысқалы бесінші қабатқа жеңіл көтерілетін
болдым, - дейді.
Әнипа Жүсіпова, зейнеткер:
Бұл йогамен бірге дұрыс демалуға да үйретеді. Мен 5-қабатта тұрамын, шыға алмайтынмын. Ал қазір гимнастиканың арқасында демалмай шығамын. Бұл өте жақсы әсер етеді.
Көкшетауда 30 мыңға таяу зейнеткер бар. Ал орталық тек біреу ғана. Оның өзі күніне 150 адамды қабылдауға шақталған.
Алайда келушілер саны 350-ден асқандықтан, әзірге орталық басшысы үйірмелер
санын арттырып, келушілерге үш ауысымда қызмет көрсетуде.
Бақыт Смағұл, «Белсенді ұзақ өмір» орталығының директоры:
Бақыт Смағұл, «Белсенді ұзақ өмір» орталығының директоры:
Орталыққа келіп жатқан адам саны өте көп. Күн сайын келіп, тіркеліп жатқандар бар. Алдағы уақытта әкімдіктің жоспарына сәйкес, Красный Яр кентінде, екінші Көкшетау Станционный кентінде, Сарыарқа мөлтек ауданында осы орталықтың филиалдарын ашу ойда бар.
Бүгінде «Белсенді ұзақ өмір» орталығында 14 үйірме жұмыс істейді. Спорт
секцияларымен қатар шахмат, тоғызқұмалақ сияқты үстел ойындары және
шығармашылық бағыттағы үйірмелер бар. Десе де, егде жастағылардың 80 пайызы
сергек жүру үшін қозғалысты таңдайды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16