Түркияда тағы жер сілкінді
Түркияның Балыкесір провинциясында жер сілкінді. Жергілікті уақытпен кеше түнгі он бірлер шамасында қуаты 6,1 балл болатын зілзаладан бірнеше ғимарат құлаған. Жер тербелісі Балыкесірге көршілес алты облыста сезілген. Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлы бізбен байланысқа шықты. Айдос, табиғи апаттан зардап шеккендер бар ма, қазіргі жағдай қалай?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр! Иә, кеше түнгі сағат оннан 48 минут өткенде Ыстанбұлдан шамамен 300 шақырым қашықтықтағы Балыкесір провинциясының Сындырғы ауданында қуаты 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Түркияның Ішкі істер министрі таратқан ресми ақпаратқа сәйкес елдімекенде 3 тұрғын үй мен бір дүкен ғимараты құлаған. Дегенмен бұл ғимараттар апатты деп танылып, бос тұрғандықтан қайтыс болғандар немесе жарақат алғандар болмады. Қазір арнайы комиссия нақты неше нысанға зақым келгенін анықтап жатыр. Ал денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша жер сілкінісі кезінде жоғары қабаттан секірген немесе баспалдақтан құлаған 22 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың жағдайлары жақсы, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жер тербелісінің қайталануынан қорыққан тұрғындардың көбі кеше түнді далада өткізген. Жергілікті билік бүгін Балыкесір провинциясындағы барлық мектептерде бір күн сабақ болмайтынын жариялады. Зілзаланың әсері Ыстанбұл, Измир, Бурса сияқты көршілес қалаларға да сезілді. Бірақ олардың қуаты шамамен 4 баллдың маңайында болғандықтан зардап шеккендер болған жоқ.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06