Энергия сақтайтын нысандар салынатын болды
Елімізде энергия сақтайтын нысандар салынады. Ауқымды жоба шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асады. Бұл жайында Үкімет отырысында белгілі болды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, бұл қадам ауқымды халықаралық жобаларды іске асыру үшін қажет. Электр энергиясын беру, желілерін тексеру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Осы мақсатта арнайы топ құрылған. Оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кірген. Елімізде отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі құрылмақ. Қазіргі уақытта салалық платформаны жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Платформа осы саланың барлық жүйесін бір базаға біріктіреді.
Жасұлан Мәдиев, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрі:
2027 жылға қарай нысандардың 50 пайызы цифрлық мониторингпен қамтылып, саланың негізгі процестері автоматтандырылатын болады. Қолмен орындалатын ескі рәсімдердің заманауи технологиялармен алмастырылуы – реинжинирингтің бір мысалы. Жаңа шешімдер адами факторды азайтып, дәлдікпен қауіпсіздікті арттырады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00